Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы «Семей машина жасау зауыты» АҚ ұжымымен кездесу өткізді

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов жұмыс сапарымен Семей қаласындағы «СМЗ» АҚ-қа барды.

Қазіргі уақытта зауыт санация және жаңа оңалту жоспары шеңберінде «OLJAKOL» ЖШС компаниясының басқаруына берілді, ол азаматтық өндірістерді дамыту және теміржол саласына тапсырыстарды іске асыру шеңберінде белсенді жұмыс жүргізуде, атап айтқанда: жартылай вагондарға арналған люк қақпақтарын өндіруді жалғастыруда, сондай-ақ өндірісті сертификаттау және серіктестермен өнеркәсіптік кооперация шартында жүк вагондарын өндіруге зауыттың қатысуы бойынша келісімдерге қол қою барысында.

Қазіргі уақытта зауытта 50 адам жұмыс істейді. Санатор ағымдағы жалақыдан басқа қызметкерлерге берешекті жоспарлы түрде төлейді. Ағымдағы сәтте 2023 жылғы қаңтар-ақпанда жалпы сомасы 35 млн. теңгеден астам берешек төленді. Жақын арада ағымдағы жылдың наурыз және сәуір айлары үшін жалақы бойынша берешекті өтеу күтілуде.

Айта кетейік, берешек кәсіпорынға бұрын басшылық еткен, оңалтуды басқарушы, 2022 жылы сот бекіткен оңалту жоспарының бірде-бір тармағын орындамаған, М.Б. Аленовтың басқару кезеңінде қалыптасқан.

Сонымен қатар, санатор, бірнеше рет хабарламаларға қарамастан, қабылдау-тапсыру актісі бойынша істерді тапсырмаған бұрынғы қызметкерлер, материалдық жауапты 9 адамға (оның ішінде М.Б. Аленовке), жалақы төлей алмайды. Бұл материалдық жауапты тұлғалар істерді тапсырғаннан кейін ғана өздеріне тиесілі жалақыны алуға құқылы болады.

Бұдан басқа, зауыттың бұрынғы басшылығына қатысты материалдар Абай облысының прокуратурасы мен экономикалық тергеу департаментіне берілді. Материалдар ҚР ҚК 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігіне сәйкес (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: аса ірі мөлшерде жасалса), оның шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізілетін қылмыстық іске қоса тіркелді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ вагон жасауда үлкен тәжірибесі бар санатор мен жаңа оңалту басқарушысы кәсіпорынның жұмысын қалпына келтіре алатынына сенім білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, «СМЗ» АҚ елдің қорғаныс-өнеркәсіптік кешеніне жататын кәсіпорын болып табылмайды, әрі 3 жыл ішінде әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қос мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) және әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы қызметтердің отандық жеткізушілерінің және мемлекеттік қорғаныс тапсырысының отандық өндірушілерінің тізілімінде тұрмайды. Зауыт туралы толығырақ материалдар мына сілтеме бойынша: https://ke.kz/ru/press-center/news/4561/.

Кері қайту