Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Семей машина жасау зауыты» АҚ бұрынғы қызметкерлеріне жалақы төлеу туралы баспасөз релизі

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Компания) және «Oljakol» ЖШС Семей қаласының «Семей машина жасау зауыты» АҚ-тың (бұдан әрі – «СМЗ» АҚ / зауыт) қызметкерлеріне жалақы төлеу жөніндегі жағдайды түсіндіргісі келеді.

Кредиторлар отырысының қорытындысы бойынша және ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларындағы зауыттың еңбек ұжымының өкілі қол қойған санация туралы келісімнің 2023 жылғы 29 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «OLJAKOL» ЖШС (бұдан әрі-Санатор) «СМЗ» АҚ санациясының қатысушысы ретінде бекітілді.

Осыған байланысты, санация рәсімі шеңберінде, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зауыт «OLJAKOL» ЖШС-ның басқаруына өтті.

«СМЗ» АҚ-тың санация туралы келісіміне сәйкес «OLJAKOL» ЖШС зауыттың қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту, оның кредиторлық берешегін, сондай-ақ зауыттың барлық ұжымының жалақысын өтеу бойынша барлық міндеттемелерді өзіне алады.

Ағымдағы жалақыдан басқа, ағымдағы жылдың 5-8 маусым аралығында Санатор 118 қызметкерге 2023 жылғы қаңтар үшін берешек төленді, а. ж. 10 шілдесінен бастап 2023 жылғы ақпан айындағы жалақы бойынша 116 қызметкерге берешекті өтеу жоспарлануда. Қаңтар-ақпан айларында берешектің жалпы сомасы 35 млн. теңгеден асады.

Санатор «СМЗ» АҚ-тың негізгі құралдары мен бухгалтериясын түгендеу барысында, қайталама хабарламаларға қарамастан, қабылдау-тапсыру актісі бойынша істерді тапсырмаған, зауыттың материалдық жауапты тұлғалары болып табылатын 9 қызметкер анықталғанын мәлімдейді. Осы себептен бұл жұмысшыларға қаңтар айындағы жалақы бойынша қарыз төленбеді.

Бұл жұмысшылар тізімнде: бұрынғы оңалту басқарушысы М.Б. Алленов (жалпы пікірге сай зауыттың банкроттыққа ұшырауына кінәлі, зауыттың бұрынғы Бас директоры Н. С. Омаровтың ұжымынан болады) бар.

Жоғарыда аталған барлық материалдық жауапты тұлғалар қабылдау-тапсыру актісі бойынша істерді тапсырғаннан кейін оларға тиесілі жалақыны алуға құқылы.

Санатор соңғы бейнеөтініштегі зауыттың бұрынғы қызметкерлерінің жартысынан астамы, ағымдағы жылдың қаңтар айындағы жалақы бойынша борышы ағымдағы жылдың маусым айында өтелгенін атап өтті. Осыған байланысты «OLJAKOL» ЖШС жалған жала жабу және іскерлік беделінің қасақана бұзылуы туралы өтінішпен тиісті органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.

Компания, өз кезегінде, «СМЗ» АҚ-тың Кредиторлар комитетінің 26.10.2022 жылғы шешіміне сәйкес Компанияның Ішкі аудит қызметі аудит жүргізгенін, оның барысында көптеген бұзушылықтар анықталғанын еске салады. Аудиторлық есеп Абай облысының құқық қорғау органдарына жіберілді.

Аудиторлық есепті Семей қаласының прокуратурасы ақпаратты есепке алу кітабына тіркеп, Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне (бұдан әрі - Департамент) тапсырды.

Департамент аудиторлық есепті ҚР ҚК 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі (осы баптың бiрiншi,екiншi немесе үшінші бөлiктерiнде көзделген, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, іс-әрекеттер, егер олар:iрi мөлшерде жасалса) бойынша қылмыстық іске қосты, әрі оның шеңберінде аудиторлық есепте баяндалған мән-жайларды тексеру бойынша тергеу әрекеттері жүргізіледі

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Санатор - «OLJAKOL»  ЖШС-ға oljakol.llp@gmail.com  электрондық мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

«СМЗ» АҚ-тағы жағдай туралы толық ақпарат бұрын https://ke.kz/ru/press-center/news/3856 / сілтемесі бойынша орналастырылған және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ сайтында тұрақты орналастырылады.

Кері қайту