Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Medrar Group» өкілдерімен кездесу

13 ақпанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та «Medrar Group» директорлар Кеңесі Төрағасының көмекшісі Эзри Акерманмен кездесу өтті.

Іс-шараға «Medrar Group» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілеттігі болып табылатын «СілетіСтройҚұрылыс» ЖШС өкілдері де қатысты.

Кездесуде көтерілген негізгі тақырып - әртүрлі қызмет салаларына, оның ішінде «СМЖЗ» АҚ-тың өнеркәсіптік дамуы мен қызметіне инвестиция құю мәселесі. Тараптар ынтымақтастықтың әлеуетті мүмкіндіктерін талқылаай отырып, инвестициялық жобаларды одан әрі дамытудағы ортақ мүдделерді анықтады.

Бұл кездесу «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ пен «Medrar Group» ынтымақтастығы үшін жаңа серпін беріп, сондай-ақ екі ұйым арасындағы стратегиялық әріптестікті растайды.

Кері қайту