Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Семей машина жасау зауытты» АҚ-дағы жағдай бойынша ақпараттық хат (2023 жылғы 03 мамырдағы жағдай бойынша)

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Компания) өз қызметінде ашықтық пен айқындық саясатын ұстанады, осыған байланысты «Семей машина жасау зауыты» АҚ-да (бұдан әрі - «СМЗ» АҚ/зауыт) қалыптасып жатқан ағымдағы жағдай туралы тұрақты негізде хабардар етеді.

Бұл ақпараттық анықтама «СМЗ» АҚ қызметі бойынша бұрын орналастырылған материалдарға қосымша болып табылады (келесі сілтемелер бойынша қол жетімді):

Естеріңізге сала кетейік, «СМЗ» АҚ елдің қорғаныс-өнеркәсіптік кешеніне жататын кәсіпорын болып табылмайды, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қос мақсаттағы (қосарланған қолдану) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілер және әскери мақсаттағы жұмыстарды және әскери мақсаттағы қызметтерді мемлекеттік қорғаныс тапсырысын отандық жеткізушілер тізілімінде тұрмайды.

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде борышкердің барлық органдары басқарудан шеттетіледі және оңалтуды басқарушы борышкердің жалғыз басқару органы ретінде әрекет етеді.

«СМЗ» АҚ-ның оңалту рәсімі басталғаннан бері, Компания Зауытты басқарудан шеттетілді, себебі ол банкроттыққа жол бермеу мақсатында «СМЗ» АҚ Кредиторлар жиналысы мен комитетінің құрамына кірмеді.

Санация

2023 жылғы 31 наурызда «СМЗ» АҚ Кредиторлар комитетінің отырысы өтті, онда Кредиторлар комитеті «Oljakol» ЖШС-ні санацияға қатысушы ретінде анықтау туралы шешім қабылдады. «СМЗ» АҚ оңалту басқарушысына санацияға қатысушымен Санация туралы келісімге қол қою тапсырылды, оны кейіннен кредиторлар комитеті бекітеді.

Заңның 78-бабының 2-тармағына сәйкес санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келісілген мерзімде қанағаттандыруды қамтамасыз ету міндеттемесін өзіне қабылдай алады. «Oljakol» ЖШС осыған дайындығын білдіріп, Зауытты сауықтырудың нақты жоспарларын ұсынды.

Анықтама: ағымдағы сәтте Зауытта 2023 жылғы қаңтар-сәуір айларында жұмыскерлер алдында 80 млн. теңгеден астам берешек бар (Зауыттың ай сайынғы еңбекақы төлеу қоры шамамен 20 млн.теңгені құрайды).

2023 жылғы 2 мамырда өткен «СМЗ» АҚ Кредиторлар жиналысы мен комитетінің отырыстарында Кредиторлар комитеті Зауыт пен «Oljakol» ЖШС арасында жасалған «Семей машина жасау зауыты» АҚ-ны санациялау туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) бекітті.

Келісімге сәйкес, «Oljakol» ЖШС Зауыттың қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту, оның кредиторлық берешегін өтеу және «СМЗ» АҚ оңалту жоспарын орындау бойынша барлық міндеттемелерді өзіне алады.

Өз кезегінде, 2023 жылғы 2 мамырда «СМЗ» АҚ кредиторлар жиналысы оңалтуды басқарушыны ауыстыру және Зауытты басқару құқығын «Oljakol» ЖШС директоры М.А. Әлібаев тұлғасыеда санацияға қатысушыға беру туралы шешім қабылдады.

Кредиторлар жиналысына сөз сөйлеген М.А. Әлібаев оңалту жоспары бойынша «СМЗ» АҚ берешегін өтеу 3,5 жыл ішінде жоспарланғанын айтты. Бірінші күнтізбелік жылы - 350 млн.теңге, екінші жылы - 450 млн. теңге, үшінші күнтізбелік жылы - 557 млн. теңге өтеледі. Жалақы бойынша толық өтеу ағымдағы жылдың 2-3 айында күтіледі.

Заңның 81-бабының 1-тармағына сәйкес Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген міндеттемені өзіне қабылдаған және борышкердің мүлкінің меншік иесі болып табылмайтын санацияға қатысушы, санация басталғанға дейін акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешім негізінде, өзі инвестициялаған қаражат сомасында акционерлік қоғам акционерінің құқықтарын алады.

Осыған байланысты, Компания «СМЗ» АҚ-ның барлық дауыс беретін акцияларына иелік ететін акционер ретінде, белгіленген тәртіппен уәкілетті органның қарауына «СМЗ» АҚ акционерінің құқықтарын «Oljakol» ЖШС инвестициялаған қаражат есебінде оның пайдасына іске асыру туралы мәселені енгізеді, соңғысы санация мақсатына қол жеткізген жағдайда.

«СМЗ» АҚ белгіленген тәртіппен Зауытты санациялау жөніндегі құжаттар пакетін одан әрі бекіту үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жіберілетін болады.

Кері қайту